Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын жауады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+9 °C
Алматы
2024 Жыл
27 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

Дүйсенбіде еліміздің басым бөлігінде жауын жауады

Республиканың басым бөлігінде ауа ағындарының өтуіне байланысты жаңбыр найзағаймен күтіледі, бұршақ, дауыл, екпінді жел болуы ықтимал. Тек батыста, оңтүстік-батыста жауын-шашынсыз, түнде және таңертең кей жерелерде тұман түседі деп болжануда, деп хабарлайды Қазгидромет.

  • 11 Қыркүйек 2017
  • 169
Фото - Caravan.kz

Түнде Жамбыл облысының кей жерлерінде найзағай, бұршақ, дауыл болуы ықтимал.

Шығыс Қазақстан, Алматы облыстарының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, желдің екпіні 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай, тұман, жел 15-20 м/с күшейеді, бұршақ, дауыл, болуы ықтимал. Қостанай облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдап, түнде кей жерлерде тұман түсіп, күндіз басым бөлігінде желдің жылдамдығы 15-20 м/с күшейеді. Ақмола, Павлодар, Қарағанды облыстарының кей жерлерінде найзағай, бұршақ жаууы мүмкін, жел 15-20 м/с күшейеді.

Оңтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде найзағай жарқылдайды, қатты жел соғады. Түнде Қызылорда облысының кей жерелрінде найзағай, жел 15-20 м/с күшейеді. Түнде және таңертең Маңғыстау,  Ақтөбе облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Ақтөбе облысының кей жерлерінде де жел 15-20 м/с күшейеді.


Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Жамбыл, Алматы облыстарының кей жерлерінде өте жоғары өрт қауіпі күтілуде.

Соңғы жаңалықтар