Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы - kaz.caravan.kz
  • $ 477.48
  • 555.83
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
28 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Дүйсенбіге арналған ауа райы болжамы

Қазақстанның басым бөлігінде атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты құбылмалы ауа райы сақталады, деп хабарлады Қазгидромет баспасөз қызметі.

  • 17 Шiлде 2017
  • 227
Фото - Caravan.kz

Ақмола, Солтүстік Қазақстан облыстарында кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ түседі, желдің екпіні – 15-20 м/с, түнде кей жерлерде тұман.

Павлодар, Қарағанды, Алматы облыстарында кей жерлерде күн күркірейді, бұршақ жауады, Павлодар, Қарағанды облыстарында – желдің екпіні – 15-20 м/с.

Шығыс Қазақстан, Қостанай облыстарында кей жерлерде күн күркірейді, желдің екпіні – 15-20 м/с, күндіз бұршақ түсуі мүмкін.

Күндіз Ақтөбе облысында кей жерлерде күн күркірейді, желдің екпіні – 18 м/с.


Күндіз Атырау, Батыс Қазақстан облыстарында аптап ыстық.

Оңтүстік Қазақстан, Қызылорда облыстарының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан, Атырау, Ақтөбе, Қостанай, Қарағанды, Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерде төтенше өрт қаупі сақталады.