Дүлей дауыл бірнеше облыстың бюджетін шығынға ұшыратты - kaz.caravan.kz
  • $ 472.03
  • 540.29
+19 °C
Алматы
2026 Жыл
5 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүлей дауыл бірнеше облыстың бюджетін шығынға ұшыратты

Дүлей дауыл бірнеше облыстың бюджетін шығынға ұшыратты

Еліміздің 4 бірдей облысы дүлей дауылдан зардап шекті. Мәселен Алматы облысында  тұрғын үйлер, мектептер, әкімшілік ғимараттар шатырсыз қалған. Тіпті Қапшағайдағы әскери бөлімге дейін зақым келді. Ұйытқып соққан жел өткізу бекетінің төбесіндегі 400 шаршы метрлік жабындыны жұлып кетіпті. Сондай-ақ екпіні қатты жел ағаштарды да құлатып, электр сымдарын үзді. Шығыс Қазақстан мен Қарағанды облысында да орта мектептің төбесі бүлінген.

  • 9 Сәуiр 2014
  • 213
Фото - Caravan.kz


Ал Павлодарда ұйытқып соққан күшті жел балабақшаның шатырын жұлып әкетті. Оқыс оқиға бүлдіршіндер үйге қайтып жатқан сәтте болған. 200 шаршы метрлік жабынды тура ойын алаңына түсіпті. Электр желісін үзіп, тас бағананы түбінен опырып кеткен. Тіпті төбедегі кірпіштерге дейін ұшып, қабырға да қақырай жаздапты. Құтқарушылар түнде талдың арасында қыстырылып қалған шатырдың бөліктерін көлікпен сүйреп шығарған. Қайта бала-шаға дін аман. Ал желдің екпініне төтеп бере алмаған шатыр осыдан үш жыл бұрын ғана жаңартылған екен. Мұндай жағдай Павлодар, Ақтоғай мен Успен аудандарында да тіркелді.