Дүниежүзілік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының кезекті,бесінші съезінің тақырыбы "Дін және тұрақты даму" болмақ, деп хабарлады Қазақстан сыртқы істер министрінің бірінші орынбасары, съезд хатшылығы жетекшісінің орынбасары Рапиль Жошыбаев.
"Хатшылыққа дүниежүзілік және дәстүрлі діндер көшбасшыларының бесінші съезінің тақырыбын "Дін және тұрақты даму" деп белгілеу ұсынылды", деді ол Астанада сәрсенбіде хатшылықтың 12-ші отырысында.
Р.Жошыбаевтың айтуынша, бесінші съездің секциялық отырыстарының тақырыбы бойынша ұсыныстарды талқылау жалғаспақ, олар 2014 жылы хатшылықтың 13-ші отырысында бекітілмек.
Р.Жошыбаев хатшылыққа 13-ші отырысты Астанада 2014 жылы 17-18 қыркүйекте өткізуді ұсынды.
Оның ұсыныстарын отырысқа қатысушылар қолдады.