Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,87-1,25 процентке арзандады - kaz.caravan.kz
  • $ 486.65
  • 524.46
+10 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Қазан
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,87-1,25 процентке арзандады

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,87-1,25 процентке арзандады

27-қазандағы сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 0,87 процентке , NYMEX шикізат биржасында 1,25 процентке арзандады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

  • 28 Қазан 2003
  • 384
Фото - Caravan.kz

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының қарашадағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 28,38 долларға дейін төмендеді.

Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының қарашадағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,25 процентке арзандап 29 доллар 92 центті құрады.