Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,05-1,75 процентке қымбаттады
18-шілдедегі сауда-саттық қорытындысы бойынша IPE шикізат биржасында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,05 процентке қымбаттаса , NYMEX шикізат биржасында 1,75 процентке қымбаттады ,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында. |
Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы (IPE) саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының тамыздағы фьючерсінің бағамы әр барреліне 28,94 долларға дейін көтерілді.
Ал Нью-Йорк тауар биржасында (NYMEX) Light Sweet Crude Oil қоспасының тамыздағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,75 проценке қымбаттап 31 доллар 96 центке жетті.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін