Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,40-1,85 процентке арзандады
13-маусымдағы сауда-саттық қорытындысы бойынша дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,40-1,85 процентке арзандады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында. |
Жұма күні Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының шілделік фьючерсінің бағамы 1,40 процентке арзандап, әр барреліне 27,46 долларды құрады.
Ал Нью-Йорк тауар биржасында Light Sweet Crude Oil қоспасының шілделік фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,85 процент арзандап, 30 доллар 82 центті құрады.
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін