Жарияланды: 390

Дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,54-1,80 процентке арзандады

16-шілдедегі сауда-саттық қорытындысы бойынша дүниежүзілік негізгі шикізат биржаларында таяудағы мұнай фьючерсінің құны 1,54-1,80 процентке арзандады,- делінген "Ирбис" қаржы рыноктары Агенттігінің хабарламасында.

Лондондағы халықаралық мұнай биржасындағы саудада Brent North Sea Crude Oil маркалы мұнайының тамыздағы фьючерсінің бағамы 1,54 процентке арзандап, әр барреліне 28,70 долларды құрады. Ал Нью-Йорк тауар биржасында Light Sweet Crude Oil қоспасының тамыздағы фьючерсінің құны әрбір баррельге шаққанда 1,80 процент арзандап, 31 доллар 05 центті құрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін