Джеймс Бонд туралы фильмге түскен актер көз жұмды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Джеймс Бонд туралы фильмге түскен актер көз жұмды

Джеймс Бонд туралы фильмге түскен актер көз жұмды

Калифорниялық Фресно қаласында 74 жастағы американдық актер Ричард Кил көз жұмды.

  • 11 Қыркүйек 2014
  • 408
Фото - Caravan.kz


Ол көрерменге Джеймс Бонд туралы фильмде «Челюсти» деген лақап атқа ие алып күш иесінің рөлін сомдауымен танылған.

Актердің өлімі туралы ақпаратты әулие Агния медициналық орталығының өкілі растады. Кил мұнда өмірінің соңғы күндерін өткізген.

Бойы 2 метр 18 сантиметрді құраған актер ағзада өсу гормонының көптеп бөлінуінен туындайтын акромегалия ауруы тудырған артық салмақтан жапа шеккен. Ауруына қарамастан, Кил 70-тен астам фильмдер мен телевизиялық телехикаяларға түскен, деп хабарлайды ИТАР-ТАСС.