Джеки Чан Астанадағы Қытай киносының фестивалін ашады - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Джеки Чан Астанадағы Қытай киносының фестивалін ашады

Джеки Чан Астанадағы Қытай киносының фестивалін ашады

7 маусымда «Қазмедиа орталығының» киноконцерт залында Қытай киносы фестивалінің ашылу салтанаты өтеді, деп хабарлайды.

  • 5 Маусым 2017
  • 318
Фото - Caravan.kz

«Қазақстан» РТРК баспасөз қызметінің хабарлауынша, Қытай киносы фестивалінің Қазақстандағы күндері  ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігі мен ҚР мәдениет және спорт министрлігінің  қолдауымен өтеді. Фестивальдің арнайы қонағы ретінде әлемдік кинематографияның жұлдызы, қытай актері, кинорежиссер, кинопродюсер — Джеки Чан болмақ.

Осы шарада Джеки Чан көрермендерге «Кунг-фу Йога» атты фильмін тарту етпек. Бұл фильмде ол басты кейіпкер —  Джеки атты қытай археологын  сомдап шықты.

Шараны «Қазақстан» Республикалық телерадиокорпорациясы мен ҚХР Баспасөз, баспа, радио, кино  және телевизия ісі жөніндегі мемлекеттік басқармасы ұйымдастырады.


Айта кетсек, 7-18 маусым аралығында Астанада өтетін Қытай киносы фестивалі аясында елордалықтар мен қала қонақтары «Іле өзені», «Шынайы махаббат», «Гүлім», «Қатерлі ісік мырза, кетіңіз», «Қасқыр тотемі» сынды туындыларды тамашалай алады. 

 

Соңғы жаңалықтар