Бүлінген үрме бұршақ Төменгі Саксония жеріне қарасты Ильцен ауданындағы фермадан шыққан сыңайлы. Сол жерде шығарылған өнімдерді бірнеше қонақ үйде жеген адамдардың науқастанғандығы белгілі болған. Тексеру қорытындылары бүгін анықталмақ.
Төменгі Саксония ауыл шаруашылығы министрі Герт Лидерманның хабарлауынша, бүлінген үрме бұршақ тасымалдады, деп күдік келтірілген компания жабылған және өнімдері қайтарылған.
E. Coli инфекциясын Германияның және басқа оншақты елдің 2200 тұрғыны жұқтырып үлгерді, 22 адам қаза болды.