ЕАЭО-да бірыңғай макроэкономикалық саясатты қалыптастыру бойынша келіссөздер жүргізілуде - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЕАЭО-да бірыңғай макроэкономикалық саясатты қалыптастыру бойынша келіссөздер жүргізілуде

ЕАЭО-да бірыңғай макроэкономикалық саясатты қалыптастыру бойынша келіссөздер жүргізілуде

Еуразиялық экономикалық одақта бірыңғай макроэкономикалық саясатты қалыптастыру бойынша келіссөздер жүргізілуде.

  • 11 Маусым 2015
  • 647
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Беларусь Республикасындағы Ресейдің Төтенше және Өкілетті елшісі Александр Суриков мәлімдеді, деп хабарлады  БЕЛТА.

«ЕАЭО-да бірыңғай макроэкономикалық саясатты қалыптастыру бойынша келіссөздер жүргізілуде. Мұнда да  Еуропалық одақтағы тәсіл қолданылады: базалық инфляция, бюджет тапшылығы (ЕО-да, мысалы, 3 пайыз), — деп атап өтті А. Суриков.

Бұл ретте ол ЕАЭО-да бірыңғай валюта жоқ екенін атап өтті, бағам қалыптастыру мәселелерін ақылмен шешуіміз қажет. «Өткен жылдың аяғында беларусь-ресей тараптарының келіспеуі салдарынан беларусь валютасына қарағанда, ресейлік рубльдің бағамы түсіп кеткенде, беларусь өндірушілері зардап шекті. Содан кейін шұғыл түрде бәсекелестік ұстанымдар теңестірілді», — деді елші.

А. Суриков экономикалық ықпал шаралары көзделетін Еуразиялық экономикалық комиссия құжатында пысықталған бірыңғай макроэкономикалық саясатты бекіту болжанатынын атап өтті.