"Егер сені зорлап жатса, қарсыласа алмайсың ба, онда "босаңсы да, ләззат ал". Қашқан орыстарды қалай тиімді пайдалану керектігі айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Егер сені зорлап жатса, қарсыласа алмайсың ба, онда "босаңсы да, ләззат ал". Қашқан орыстарды қалай тиімді пайдалану керектігі айтылды

"Егер сені зорлап жатса, қарсыласа алмайсың ба, онда "босаңсы да, ләззат ал". Қашқан орыстарды қалай тиімді пайдалану керектігі айтылды

Әлеуметтік желіде қашқын орыстардың басы істейтіндерін, қалталыларын өз қажетімізге пайдаланайық деген ұсыныс айтылды. 

  • 6 Қазан 2022
  • 5375
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы журналист Мариям Абсаттар  фейсбуктегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.

"Егер сені зорлап жатса, қарсыласа алмайсың ба, онда #босаңсы да, #ләззатал", — деп еді баяғыда Атабаев "Алаш айнасына" сұхбат алғанымда.
Айтайын дегенім, ақыры ресейлік үркін көшке қарсы тұрып не тоқтау қоя алмаймыз ба, текке " өйту керек, бүйту керек" деп сырттарынан бұрқылдай бергенше, одан да олардың миы мен ақшасын пайдаланайық та. Үйімізді қымбатқа бергенімізге мәз боп отыра бермей. (Біздің жеке бас пайдамызды ғана ойлайтынымыз содан білініп қалады ғой)
Азық-түлік, тұрмыстық химия, дәрі-дәрмек қымбат болғаны айналайын, скоро соның өзін таппай қалуымыз мүмкін деген болжам бар. Ендеше орыстың басы істейтін мамандары мен қалталыларын жұмылдырып шампунь, сабын, тіс пастасы бар ма, тым құрыса тіс шұқитын шырпы мен әжетхана қағазын шығарайық та. Нан, макарон цехтарын көбейтейік. "Ойбай Ресей жабылып қалды деп, әкелетін басқа ел іздемей. Ол біріншіден қатты қымбатқа түседі, екіншіден қашанғы шикізаттық ел болып қала береміз?!.
Сонда #Қарағұсова апамыз айтпақшы, #ӨзінікіӨндірістікі, #ҚымбатЕмесДит болады",  деп жазды. 

"Үкімет мұны басында ойлап қойды-ау", "Дұрыс, өндірісті көбейту керек", "Қос қолдап қолдаймын, дұрыс ой", деп жазды оқырмандар.  


Соңғы жаңалықтар