"Егер жасасаңыз, мүгедектердің жағдайы үшін жасаңыздар": депутат министрліктің заң жобасын сынап тастады - kaz.caravan.kz
  • $ 441.8
  • 480.02
+14 °C
Алматы
2024 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Егер жасасаңыз, мүгедектердің жағдайы үшін жасаңыздар": депутат министрліктің заң жобасын сынап тастады

"Егер жасасаңыз, мүгедектердің жағдайы үшін жасаңыздар": депутат министрліктің заң жобасын сынап тастады

Мәжілісте депутат Таңсәуле Серіков заң жобасы мен баяндамашыны сынады.

  • 16 Қаңтар
  • 10
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы Azattyq Ruhy-на сілтеме жасап хабарлайды.

«Негізгі акцентіңіз мүгедектігі бар тұлғалардың құқығы болды. 20-дан астам норма бар деп айттыңыз. Бірақ мүгедектерді «қуыршақ» қылмаңыздар. Мүгедектердің атын жамылмаңыздар. Мен инклюзивті Парламент атынан сөйлеп тұрмын. Сіздер бізді әріптестеріміздің алдында кінәлі етіп отырсыздар. Мүгедектердің құқығын қорғау үшін 6 фракциядан 6 депутат отыр. Біздің артымызда 720 мың мүгедектің электораты отыр. Ол үшін мынадай норма әзірлеудің қажеті жоқ. Сіздер алдымен ақпараттық порталды мүгедектерге қолжетімді етіңіздер. Ол үшін норма керек емес», — деді Серіков.

Депутат атағандай, мүгедектерге жағдай жасау бойынша Әлеуметтік кодекс бар екенін айтты.

«Оған бөлек норма енгізудің қажеті жоқ. Бұл жерде инклюзивті біз өз әріптестеріміздің бетіне қарауға ұяламыз. Егер жасасаңыз, мүгедектердің жағдайы үшін жасаңыздар. Олардың атын жамылудың қажеті жоқ», — деді ол.

Еске салсақ, Мәжілісте Мәдениет және ақпарат вице-министрі Данияр Рамазанұлы Қадыров «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне ақпаратқа қол жеткізу және қоғамдық қатысу мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстырған болатын.

Соңғы жаңалықтар