Егін шаруашылығындағы өндірісті әртараптандыру процессі баяу жүргізілуде - ҚР ауылшаруашылығы министрі - kaz.caravan.kz
  • $ 471.45
  • 547.21
+18 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Егін шаруашылығындағы өндірісті әртараптандыру процессі баяу жүргізілуде - ҚР ауылшаруашылығы министрі

Егін шаруашылығындағы өндірісті әртараптандыру процессі баяу жүргізілуде - ҚР ауылшаруашылығы министрі

Қостанай. 14 наурыз. "Қазақстан Бүгін" - ҚР ауылшаруашылығы министрі

  • 14 Наурыз 2008
  • 1077
Фото - Caravan.kz

Ахметжан Есімовтың пайымдауынша, егін шаруашылығындағы өндірісті әртараптандыру процессі баяу жүргізілуде, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

«Егін шаруашылығында өндірісті әртараптандыру және дақылдарды өңдеудің қазіргі заманғы ресурс үнемдеу технологияларына жедел көшу мәселелерінің өзектілігі артты», -деп мәлімдеді министр бүгін Қостанай облыстық агроөнеркәсіптік кешен қызметкерлерімен өткен кеңесте.

«Еліміздің негізгі астықты өңірлерінде егін шаруашылығында өндірісті әртараптандыру бірдей қарқымен емес, баяу жүргізілуде, бұл саланың бәсекелістік қабілетіне кері әсерін тигізетіні сөзсіз», — деді А. Есімов.

«Мемлекет тарапынан ынталандыру сипатында күрделі шаралар қолданылғанына қарамастан, әсіресе майлы дақылдарға арналған егіс алаңдарын кеңейту процессі өте баяу жүргізілуде», — деді ол.

Сонымен бірге, «әлемдік экономиканың ауылшаруашылығы өнімдеріне деген сұранысы астық дақылдарын өндіру көлемін де ұлғайтуды талап етеді»,- деді А.Есімов.

«Бұл тауқыметті шешу үшін заманауи агротехнологияларды барлық жерде бірдей пайдалану жолымен өндірісті қарқындандырумен қатар, ауылшаруашылығы айналымына қордағы жерлер мен тыңайған жерлерді де тарту арқылы егіс алқаптарының көлемін ұлғайту секілді экстенсивтік факторларды да пайдалану керек», — деді министр.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті