Бұл туралы әуе компаниясының Фейсбук желісіндегі парақшасында хабарланған.
«Эйр Астана» әуе компаниясы 2015 жылдың 2 шілдесінен 31 тамызына дейін Алматы/Астана — Бішкек бағыттарындағы рейстердің барлық жолаушыларына Бішкек әуежайынан Шолпан-Ата қаласына дейін тегін тасымалдау қызметін ұсынатынын қуана хабарлайды. Жайлы жолаушы автобустары Бішкек әуежайы мен Шолпан-Aта қаласы арасында аптасына 4 рет қатынайтын болады», делінген хабарламада.
Сондай-ақ хабарламада тасымалдау қызметіне өтініштер жоспарланған ұшу күніне дейін кем дегенде 72 сағат бұрын берілу керектігі айтылған.