Жарияланды: 610

"Эйр Қазақстан" әуе компаниясы банкроттыққа ұшыраған жағдайда 2 мыңдай адам жұмыссыз қалуы мүмкін

"Эйр Қазақстан" әуе компаниясы банкроттыққа ұшыраған жағдайда 2 мыңдай адам жұмыссыз қалуы мүмкін. Бұл туралы мәжіліс депутаты Сергей Дьяченко KZ-today тілшісіне берген сұхбатында пікір білдірді.

С.Дьяченконың айтуынша, қазір "Эйр Қазақстан" ЖАҚ рейстердің басым бөлігін "Эйр Астана" ЖАҚ-на өткеріп жатыр. "Эйр Қазақстан" ЖАҚ қызметкерлерінің басым бөлігі жұмыстан шығарылды және қысқарту жұмыстары одан әрі жалғаспақ. "Соның салдарынан әуе компаниясы қызметкерлерінің бір бөлігі далада қалатын болды",- дейді депутат. С.Дьяченконың пікірінше, қазіргі жағдайда әуе тасымалы нарығында монополист пайда болдыру Қазақстан үшін тиімсіз. Осы орайда С.Дьяченко жуырда "Эйр Қазақстан" әуе компаниясында пайда болған қаржылық қиындықтарға байланысты ҚР үкіметіне депутаттық сауал жолдағанын еске салды. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, алдағы уақытта "Эйр Астана" ЖАҚ турбовинтті ұшақтар сатып алуды жоспарлап отырғандықтан, әуе компаниясында жаңа жұмыс орындары құрылып, оған бірінші кезекте "Эйр Қазақстан" ЖАҚ -ында жұмыс істейтін ұшқыштар мен инженерлік-техникалық мамандар қабылданбақшы. Сондай-ақ, ҚР көлік және коммуникация министрлігі "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ның жұмыстан босап қалған жоғары кәсіби мамандарын еліміздің басқа да әуе кәсіпорындарына жұмысқа орналастыру мүмкіндіктерін қарастыруда.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін