Жарияланды: 780

"Эйр Қазақстан" әуе компаниясының Павлодарлық өкілдігінің ұжымы "Ертіс-Авиа ӘК" ААҚ-ын "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-на біріктіру жөніндегі үкімет қаулысының күшін жоюды өтінуде

"Эйр Қазақстан" әуе компаниясының Павлодарлық өкілдігінің ұжымы "Ертіс-Авиа ӘК" ААҚ-ын "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-на біріктіру жөніндегі үкімет қаулысының күшін жоюды өтінуде

"Эйр Қазақстан" әуе компаниясының Павлодарлық өкілдігінің ұжымы ел басшыларына хат жолдап, "Ертіс-Авиа ӘК" ААҚ-ын "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-на біріктіру жөніндегі 2002-жылдың 13-ақпанындағы №1004-ші үкімет қаулысының күшін жоюды өтінді. Бұл қаулы көздеген мақсатқа жеткізбей, керісінше нұқсанын тигізді деп пайымдайды хат авторлары. Мемлекет және үкімет басшыларының атына мәлімдеме жолдау жөніндегі шешім бүгін, 12-ақпанда өкілдік ұжымы кәсіподақ

ұйымының бас қосуында қабылданды,- деп хабарлайды KZ-today тілшісі. Өкілдік қызметкерлерінің пайымдауынша, ҚР үкіметінің бұл шешімі "Эйр Қазақстан" әуе компаниясының таза пайдасы мөлшерін 3 есе, ал кірісін 41 процентке арттыруға мүмкіндік бергенімен, сайып келгенде, әуе компаниясының іс-қызметін тұрақтандыруға бағытталған басты мақсатты жүзеге асыруға жол ашқан жоқ. Өкілдік ұжымы аталмыш қаулының күшін жоюмен бірге бұрынғы "Ертіс-Авиа ӘК" ААҚ-ының мүлік кешенін "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ның құрылымынан шығарып, оны Шығыс Қазақстан және Павлодар облыстарының коммуналдық меншігіне беруді өтінеді. Аталмыш мүлік негізінде ұжым аймақтық әуе компаниясын құруды ұсынады. Мәлімдемеде атап көрсетілгеніндей, аталмыш мәселе шешілгенге дейін ұжым "Эйр Қазақстан" ЖАҚ басшылығының талаптарын орындаудан бас тарту құқығын сақтап қалатындарын хабарлаған. Ал "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ның басшылығы Павлодарлық өкілдіктің мүлкін бас кәсіпорынға тапсырып, Як-40 және Ан-2 ұшақтары, өкілдік ғимараты мен жабдықтарын сату туралы тапсырма берген болатын. Өкілдік ұжымы аталмыш нысандардың жанында жеке күзет қоюға дайын. Өкілдік қызметкерлері сондай-ақ, "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ның Орал, Қарағанды, Қостанай, Астана, Павлодар және Өскемендегі өкілдіктерін жою туралы "Эйр Қазақстан" ЖАҚ президентінің 2004-жылғы 5-ақпандағы №23 бұйрығының күшін жою туралы ҚР көлік және коммуникация министрлігіне өтініш жолдады. Өкілдік ұжымы аталмыш талаптардың орындалуына ықпал ету туралы "Асар" партиясына да өтініш түсірмек. Сондай-ақ, кәсіподақ ұйымының бүгінгі конференциясында Қазақстан парламенті мәжілісінің депутаттарына да өтініш білдіруге шешім қабылданды. Олар "Ертіс-Авиа ӘК" ААҚ-ын бір емес бірнеше мәрте "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-на біріктірудің орындылығы мен дұрыстығына тексеру жүргізетін парламенттік комиссия құруды сұрамақшы. "Эйр Қазақстан" ЖАҚ-ын банкроттықа ұшыратудың заңдылығы мен аталмыш компанияның қаржылық іс-қызметі туралы ақпараттарды тексеруді өкілдік ұжымы ҚР Бас прокуратурасынан өтінбекші. Өкілдік ұжымының пайымдауынша, күрделі жағдайдан шығу үшін ұсынылған бұл қадамдар аймақтағы әуе тасымалын, материалдық-техникалық база мен кәсіби мамандарды сақтап қалуға мүмкіндік береді. "Эйр Қазақстан" әуе компаниясының Павлодарлық өкілдігінің директоры Вячеслав Карпычев бүгін өкілдікке байланысты қалыптасып отырған ахуалды Павлодар облысының әкімімен кездесуде талқылайды. Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, "Эйр Қазақстан" әуе компаниясының Павлодарлық өкілдігінің құрамында өкілдік, ұшырылым отряды мен авиациялық-техникалық база бар. Бұл құрылымдарда 54 ұшқышты қоса есептегенде 196 адам жұмыс істейді. 5-ақпаннан бастап Павлодарлық өкілдік қызмет көрсетіп келген рейстер Шымкенттің "Скат" әуе компаниясына өткерілді. Бұған жауап ретінде өкілдік ұжымы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың атына хат жолдаған. Бұл хатқа әзірге жауап келген жоқ.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін