Экобелсенділер Байбекке "экологияны құртқаны үшін" грамота жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 442.05
  • 474.14
+7 °C
Алматы
2024 Жыл
1 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экобелсенділер Байбекке "экологияны құртқаны үшін" грамота жолдады

Экобелсенділер Байбекке "экологияны құртқаны үшін" грамота жолдады

Бүгін Алматыда "Көкжайлауды қорғаймыз" экологиялық қозғалысының белсенділері қалалық әкімдік алдында қаладағы экологиялық проб

  • 26 Мамыр 2017
  • 317
Фото - Caravan.kz

Бүгін Алматыда "Көкжайлауды қорғаймыз" экологиялық қозғалысының белсенділері қалалық әкімдік алдында қаладағы экологиялық проблемаларға алаңдаушылығын білдірді деп хабарлайды Азаттық тілшісі.

Белсенділер Абай Ерекенов пен Салтанат Тәшімова қала әкімі Бауыржан Байбекке "Өлім" деп аталатын инсталляция мен "Алматының экологиясы, сәулеті мен тарихын, ерекше қорғалатын табиғи аумақтарды, билікке деген сенімді, жағдайдың жақсаруына деген үмітті жоюға қосқан ерен еңбегі үшін" грамота жолдады. Инсталляция мен грамотаны қала әкімінің кеңсесі қабылдап алды.

Белсенділер ағаштың кесілген қысқа бөренесіне құрылыс қалақшасы мен таттана бастаған темір қазық қадалып, трамвай төмен қарай қисайып тұрған макетін қою арқылы жасаған инсталляциясы қаладағы экологиялық проблемалардан хабар беретінін айтады.

— Сылақ қалақшасы — бұл Алматының экологиясына нұқсан келтіріп жатқан құрылыстар. Ол құрылыстың қалыпты мөлшерден әлденеше есе көп жүргізіліп жатқанын білдіреді. Қисайып тұрған трамвай — ол қаладағы трамвай желісінің алынып тасталғаны. Негізі, экологиялық тұрғыдан таза транспорт осы трамвай еді. Қадалған тат басқан сияқты темір қазық — халықаралық ұйымдардың Қазақстан билігінің Көкжайлауға қатысты ұсынған жобасына "ең нашар жоба" деп берген бағасын білдіреді, — дейді Абай Ерекенов.

Экология белсенділерінің Алматы әкімі Бауыржан Байбекке жолдаған "Өлім" инсталляциясы. Алматы, 26 мамыр 2017 жыл.

Экология белсенділерінің Алматы әкімі Бауыржан Байбекке жолдаған "Өлім" инсталляциясы. Алматы, 26 мамыр 2017 жыл.

Олардың сөзінше, таяуда қалада "мыңдаған түп ағаш кесілетіні" туралы хабарланған. "Олардың орнына басқа ағаш отырғызылып жатқан жоқ, тек кесіліп жатыр. Қала аумағының қалыптан тыс, есепсіз үлкейіп бара жатқаны да алаңдатады" дейді белсенділер.

Соңғы жаңалықтар