Экология: айқауға қазақстандық оқушылардан 4 мың жұмыс келді - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+16 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экология: айқауға қазақстандық оқушылардан 4 мың жұмыс келді

Экология: айқауға қазақстандық оқушылардан 4 мың жұмыс келді

Қоршаған ортаны қорғау министрлігі (ҚОҚМ) оқушылардан Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күніне арналған байқауға 4 мың жұмыс қабылдады, деп хабарлайды ведомствоның баспасөз қызметі.

  • 3 Маусым 2011
  • 375
Фото - Caravan.kz

«3 маусымға дейін «Таза болса табиғат — аман болар адамзат» республикалық байқауына мектеп оқушыларынан 4 мың жұмыс келіп түсті. Экспозиция бүгін министрлікте өтті, бұл балалардың конкурсқа деген қызығушылығын көрсетеді. Байқау Қазақстан тәуелсіздігінің 20 жылдығына орайластырылып отыр. Оның қорытындысы 2011 жылы күзде шығарылады. Үздік жұмыстар ҚР премьер-министрінің дипломымен марапатталады», — деп мәлім етті ҚР ҚОҚМ баспасөз хатшысы Аида Әбенова жұма күні телефон арқылы.

ҚР премьер-министрінің дипломы үшін «Таза болса табиғат аман болар адамзат» байқауы 2011 жылдың 30 наурызы мен 1 шілдесі аралығында өткізіледі. ҚОҚМ байқауының басты идеясы — балалардың экология проблемалары туралы түсінігін кеңейту.

Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні БҰҰ-ның бас ассамблеясының 27-ші сессиясында жарияланды. Оны жыл сайын 5 маусымда атап өтеді. 2011 жылғы ұраны «Ормандар: табиғаттың қызметі пайдалана отырып». Сондай-ақ, бас ассамблеяның 27-ші сессиясында БҰҰ жүйесінде жаңа ұйым – БҰҰ-ның қоршаған ортаны қорғау жөніндегі бағдарламасы (ЮНЕП) құрылды. Дүниежүзілік қоршаған ортаны қорғау күні ЮНЕП-тің қолдауымен атап өтіледі.

Соңғы жаңалықтар