ЭКОЛОГИЯ: Мексикада өзенге химикаттар төгілді - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+30 °C
Алматы
2026 Жыл
21 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
ЭКОЛОГИЯ: Мексикада өзенге химикаттар төгілді

ЭКОЛОГИЯ: Мексикада өзенге химикаттар төгілді

Мексика билігі Grupo Mexico корпорациясына тиесілі мыс шахтасынан өзенге улы заттардың төгілгені туралы ескертті, деп хабарлады ВВС. 

  • 22 Қыркүйек 2014
  • 381
Фото - Caravan.kz

Солтүстік Мексика Сонор штатының билігі халықты Баканучи өзенінің суын пайдаланбауға шақырды. Өйткені, су бетінде сарғылт дақ белгілері пайда болған.

Бұған қатысты мәлімдеме жасаған тау-кен компаниясы жаңбыр суы арқылы химикаттар өзенге аққанын мойындаған.

Тамыздың басында шахтадан өзенге 40 мың текше метр мыс тотияйыны мен ауыр металл төгілген. Сол үшін коропрация залалды өтеу үшін 150 миллион долларлық қор құрып, тазалау жұмыстарын ұйымдастырды.