Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді қарастыратын заң жобасы мақұлданды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+18 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді қарастыратын заң жобасы мақұлданды

Экологиялық құқық бұзушылықтар үшін қылмыстық жауапкершілік енгізуді қарастыратын заң жобасы мақұлданды

ҚР парламентінің мәжілісі сәрсенбі күні пленарлық отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заң актілеріне экологиялық мәселелер бойынша өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын екінші оқылымда мақұлдады.

  • 22 Маусым 2011
  • 1413
Фото - Caravan.kz

Мәжіліс депутаттары екінші оқылымда заң жобасына 29 түзету енгізіп, мақұлдады.

«Соңғы 5 жылда экологиялық заңнаманы өрескел бұзғандарына қарамастан, бір де бір айыпты қылмыстық жауапкершілікке тартылған жоқ. Заңнаманың нақты болмауы қылмыскерлерге жазадан қашуға мүмкіндік береді. Бұл жағдайды түзету үшін заң жобасымен экологиялық қылмыстың атмосфераны ластау, аса ірі көлемде залал келтіру бойынша критерийлер енгізіледі. Залалдың көлемі 50 мың АЕК және одан да көп», — деп мәлім еткен еді қоршаған ортаны қорғау министрі Нұрлан Әшім заң жобасын мәжілісте таныстырған кезде.

Бұрын хабарланғандай, Қазақстанның экологиялық заңнамасын бұзғандар 2-ден 8 жылға дейін бас бостандықтарынан айыру түрінде жазаланады.

Сонымен қатар, заң жобасында қалдықтарды қайта өңдеу және қайталап пайдалануды немесе олардың түзілуін қысқартуды ынталандырудың экономикалық тетіктері қарастырылған.

Жаңа түзетулерге сәйкес, кәсіпорындар қалдықтарды басқару бағдарламасын жасап, министрлікте бекітуге тиіс, ал жасалған бағдарламадан ауытқу кәсіпорынға айыппұл салу арқылы жазаланады.

Түзетулердің мақсаты — кәсіпорындарды қалдықтарды жою бойынша шешім іздеуге ынталандыру. Мұндай механизмді енгізу нәтижесінде Қазақстанда 2020 жылға қарай жинақталған қалдықтардың көлемін азайту көзделген.

Заң жобасының тағы бір мақсаты – ауаны ластау және парник газдарын жұту саласындағы мемлекеттің реттеуді күшейту.

«Бұл үшін парник газдарын шығаруға квота беру тетігі енгізіледі. 2013 жылдан бастап жылына 20 мың тоннадан аса парник газдарын шығаратын табиғат пайдаланушылар (мұнай-газ, энергетика, металлургия, химия салаларының кәсіпорындары) осындай квота алуға тиіс болады. Қазі бұл сектор 244 млн тонна немесе жалпы көлемнің 90% парник газдарын шығарады. Табиғат пайдаланушылар үшін парник газдарын шығаруға квоталарды министрлің әзірлеп, үкімет бекітетін ұлттық үлестіру жоспары негізінде беріледі», — деп хабарлады министр.

Н. Әшімнің айтуынша, аталған кәсіпорындарға «парник газдарын азайту жобаларын жүзеге асыру және өзара квоталарды сату мүмкіндіктері беріледі».

«20 мың тоннаға дейін парник газдарын шығаратын табиғат пайдаланушылар квота саудасын жүргізе алмайды, бірақ оларға өз кәсіпорындарда экологиялық проблемаларды шешуге инвестиция тарту құқығы беріледі», — деді ол.

Соңғы жаңалықтар