Экономика министрі істі болуы мүмкін - kaz.caravan.kz
  • $ 487.73
  • 558.99
+24 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экономика министрі істі болуы мүмкін

Экономика министрі істі болуы мүмкін

Жапонияның Экономика министрі сотты болуы мүмкін. Юко Обутидің Үкіметке келгеніне небәрі 3-ақ апта, бірақ министр ханым осы уақыт ішінде талай қаржыны желге шашып үлгеріпті.    

  • 21 Қазан 2014
  • 171
Фото - Caravan.kz


Нақтыласақ, 40 жастағы Обути миллиондаған йеньді сайлау алдында әзірленген театрланған қойылымдарға жұмсапты. Министрдің бұл әрекетін билік заңсыз дауыс иеленуге жасалған қадам деп қабылдап отыр. Сондықтан бүгін қаржыны бейберекет шашқан Қаржы министрі өз еркімен отставкаға кетуге арыз түсірге мәжбүр болған. Десе де кейбір БАҚ беттерінде Юко Обутидің кетуіне оның мемлекет қаржысын жеке басына жұмсауы себеп болған делінуде. Яғни, министр қазынаға қол сұғып, миллиондаған сомаға туыстарына дүние-мүлік алып берген көрінеді.  Обути Жапония Үкіметінің қатарына таяуда ғана қосылған 5 әйел министрдің бірі еді.