2016 жылға қарай темекі мен алкоголь өнімдерінің акциз салығы үш есе артады. Экономика және бюджеттік жоспарлау министрі Ерболат Досаев мәжіліс депутаттарын салық заңдарына енгізіліп жатқан түзетулермен таныстыру барысында осылай деп мәлімдеді.
Биыл фильтрлі темекі акцизі 1550 теңге (1000 дана темекіге) болса, 214 жылы 3000, 2015 жылы 3900, 2016 жылы 5000 теңгеге жеткізілмек, деді министр.
Ал, фильтрсіз темекі акцизінің құны қазіргі 950 теңгеден 5000 теңгеге көтерілмек.
Министрдің айтуынша, алкоголь өнімдерінің акциз салығы да қымбаттайды.
Мысалы, қазір 100% спирттің бір литрі үшін 500 теңге көлемінде акциз алынатын болса, 2014 жылы ол 1000 теңгеге, 2015 жылы 1200, 2016 жылы 1600 теңгеге жетеді.