Қазақстанның экономика және бюджеттік жоспарлау министрлігі жанындағы "Саудалық саясатты дамыту орталығы" АҚ және "Біріккен химиялық компания" ЖШС ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойды.
Экономикалық интеграция істері жөніндегі министрдің хатшылығынан хабарлағандай, құжатта саудалық саясатты дамыту саласындағы негізгі бағыттар және өз ара ынтымақтастық қағидалары айқындалған.
"Ұлттық индустриалды мұнай химия технопаркі" (Атырау облысы) және "Тараз химия паркі" (Жамбыл облысы)" арнайы экономикалық аймақтарды дамытуға ерекше мән беріледі", деп атап өтілген ақпаратта.