Экономика қарқыны бәсеңдесе де, Қазақстан әлеуметтік шығындарды ұлғайтуды көздеп отыр - Назарбаев - kaz.caravan.kz
  • $ 471.93
  • 548.43
+7 °C
Алматы
2026 Жыл
19 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Экономика қарқыны бәсеңдесе де, Қазақстан әлеуметтік шығындарды ұлғайтуды көздеп отыр - Назарбаев

Экономика қарқыны бәсеңдесе де, Қазақстан әлеуметтік шығындарды ұлғайтуды көздеп отыр - Назарбаев

Жезқазған. 24 қаңтар. "Қазақстан Бүгін" - Экономиканың қарқыны бәсеңдесе де, Қазақстан әлеуметтік шығындар ұлғайтуды көздеп отыр. Бұл туралы бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі форумында сөз сөйлеген ҚР президенті Нұрсұлтан Назарбаев мәлімдеді, деп хабарлайды агенттік тілшісі.

  • 24 Қаңтар 2008
  • 696
Фото - Caravan.kz

«Жалпы экономиканың қарқыны аздап тежелсе де, біз мемлекеттік әлеуметтік шығындардың тұрақты түрде өсуін қолдап, азаматтарымыздың әлеуметтік қамсыздандырылуын төмендетпейміз «, — деді Н. Назарбаев.

«Реформаларды жүргізу кезінде, елде мемлекеттік минималды талаптар орнатылды «, — деп атап өтті президент. «Мемлекет өзіне жыл сайын әлеуметтік міндеттерді көбейтіп, жүктеп келеді. Біз тұрақты түрде әлеуметтік саладағы шығындарды ұлғайтып, кедейлік және жұмыссыздықпен күресіп келеміз», — деді ел басшысы. «Осының арқасында адам мүмкіндігін дамытудың тиімді түрі қалыптастырылып, халықтың тұрақты өмір сүру сапасын көтерудің негіздері құрылды «, — деп түсіндірді Н.Назарбаев. Оның сөздері бойынша, соңғы бес жылда «білім беру, денсаулық сақтау, ғылым салаларына жұмсалған қаржы көлемі 3,5 есеге, әлеуметтік көмек пен қамсыздандыру екі есеге көтерілсе, сондай-ақ еңбек ақы, зейнетақы, төлемдердің мөлшері үнемі өсуде».

«Мемлекет пен бизнестің әлеуметтік жауапкершілігін қалыптастыру мәселесі- мемлекеттің тұрақты дамуының негізгі шарты», — деп ойын қорытындылады президент.

Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Казахстан Сегодня» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті