«ЭКСПО-2017» көрме алаңы нөлдік кезеңінің құрылысы жыл соңында аяқталады - kaz.caravan.kz
  • $ 474.47
  • 541.37
+17 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
«ЭКСПО-2017» көрме алаңы нөлдік кезеңінің құрылысы жыл соңында аяқталады

«ЭКСПО-2017» көрме алаңы нөлдік кезеңінің құрылысы жыл соңында аяқталады

Қазақстанда 2014 жылдың желтоқсанында ЭКСПО-2017 көрме алаңының нөлдік кезеңі аяқталады. Бұл туралы «Астана ЭКСПО-2017» Ұлттық компаниясы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Әлішер Пірметов мәлім етт

  • 28 Сәуiр 2014
  • 1126
Фото - Caravan.kz

«Бас жоспардың алдын-ала архитектуралық-жоспарлау шешіміне сәйкес көрме территориясында көлемі 1 млн. шаршы метрден асатын ғимарат пен нысан салынады. Оның ішінде көрме аймағы, көлемі 10-40 мың шаршы метр болатын ғимараттар мен нысандар, «Қазақстан» орталық павильоны, халықаралық тематикалық корпоративті павильондар, сонымен қатар, сауда, ойын-сауық орталықтары мен т.б. бар. Бұдан басқа көрмеден тыс аймақтың құрылысын жүргізу жоспарланған, ол 148 га жерді алады», — деді А.Пірметов.

Оның мәліметі бойынша, шілде айында «Қазақстан» ұлттық орталық павильонының, содан кейін халықаралық павильондардың құрылысы басталады. Сонымен қатар, көлемі 80 мың шаршы метрден асатын қоймалар мен қызмет көрсету аймақтары және т.б. салынады.

«Жалпы, биылғы жылдың желтоқсан айында 25 гектарлық көрме алаңының нөлдік циклін бітіруді жоспарлап отырмыз. Келер жылы аяқтауды жоспарлап отырған бұл жұмысымызда құрылыс-монтаждау жұмыстарының соңы 2015 жылға тиесілі. Барлық құрылыс-монтаждау жұмыстарын біз 2016 жылдың желтоқсанында аяқтауды көздеудеміз.Сонымен қатар ЭКСПО нысандарында энергоқолдану және энергоөндіру туралы ақпарат жинайтын технология мен коммуникациялық және ақпараттық желілерді пайдаланатын жаңғыртылған энергоүнемдеу жүйесін енгізу жоспарлануда», — деді Ә.Пірметов.


Оның айтуынша, компания көрме нысандары құрылысын жүргізіп жатыр. Осы орайда Мемлекет басшысының тапсырмасына сай, көрме құрылысына қазақстандық құрылыс материалдары мен технологиялар пайдаланылатын болады, деп жазады strategy2050.kz.