үшін босатылған тұлғалардың мүліктері мен табыстары туралы декларацияны тапсыруы бойынша құқықтық статистика органдарының мәліметтеріне талдау жүргізді. Оның барысында экс-шенеуніктердің жартысына жуығы табыстары туралы декларация тапсырмағаны анықталған. Бұл туралы облыстық прокуратураның баспасөз қызметінен хабарланды.
«Сыбайлас жемқоролыққа қарсы күрес туралы заң талаптарына сәйкес, мемлекеттік қызметтен теріс қылықтары үшін босатылған қызметкерлері босатылғанынан кейін 3 жыл ішінде салық органдарына декларация тапсыруы тиіс. Алайда, 2011-2013 жылдар аралығында әр түрлі мемлекеттік органдарынан теріс қылықтары үшін 967 лауазымды тұлға босатылған. Ал облыс бойынша қазіргі уақытқа дейін 494 тұлға табыстары туралы декларация тапсырмаған. Сонымен қатар, ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің 206-2 бабы бойынша материалдар тек 26 тұлғаға қатысты жасалып отыр, бұл 5,2 % құрайды», — делінген баспасөз баянында.
Осыған орай, облыс прокуратурасының ұсынысы бойынша әкімшілік жауаптылыққа 109 тұлға тартылды, олар 10 млн. теңгеден астам айыппұл төледі, оның ішінде, мемлекет пайдасына 3,2 млн. өндірілді. Қалған тұлғаларды жауаптылықа тарту туралы шаралар қабылдануда.