Энергетика және минералды ресурстар министрі Босния-Герцоговина мен Гана Республикасының Мәскеудегі елшілерімен кездесті - kaz.caravan.kz
  • $ 462.91
  • 542.16
+16 °C
Алматы
2026 Жыл
3 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Энергетика және минералды ресурстар министрі Босния-Герцоговина мен Гана Республикасының Мәскеудегі елшілерімен кездесті

Энергетика және минералды ресурстар министрі Босния-Герцоговина мен Гана Республикасының Мәскеудегі елшілерімен кездесті

АСТАНА. 3-қараша. Kazakhstan Today. Кеше еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрі Бақтықожа Ізмұхамбетов Босния-Герцеговинаның Мәскеудегі елшісі Энвер Халиловичпен кездесті. Бұл туралы Kazakhstan Today тілшісіне еліміздің энергетика және минералды ресурстар министрлігінің баспасөз қызметі хабарлады.

  • 3 Қараша 2006
  • 438
Фото - Caravan.kz

Кездесу барысында екі елдің ұлттық экономикаларының мұнай, газ, көлік коммуникациялары, құрылыс сынды түрлі салаларындағы ықпалдастықтың өсіп келе жатқаны атап көрсетілді. Сонымен қатар электр қуатын өндіру және көмір өнеркәсібі салаларындағы мәселелерге баса назар аударылды.

Сол күні министр Гана Республикасының Ресейдегі төтенше және өкілетті елшісі Фрэнсис Махамамен кездесті.

Кездесулер барысында сауда-экономикалық ынтымақтастық, мұнай, газ және электрэнергетикасы, жер қойнауын пайдалану, мұнайхимиясы, көмір өнеркәсібі, геология салаларындағы ықпалдастық жайы талқыланды.


Ақпаратты пайдаланған жағдайда «Kazakhstan Today» ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті