Жарияланды: 690

Энергия үнемдейтін шамдар қатерлі ісік тудыруы мүмкін

Энергия үнемдейтін шамдар қатерлі ісік тудыруы мүмкін

Энергия үнемдейтін шамдар адамның ағзасы үшін қауіпті болуы мүмкін.

Американдық ғалымдар осындай алдын ала шешімге келді, деп жазады LiveScience. Стоун-Бруктағы Нью-Йорк штаты университетінің зерттеушілері энергия үнемдейтін және қарапайым шамдардың сәулелері адам ағзасына қаншалықты әсер ететіндігін салыстырып көрді (тірі адамдар сынаққа қатысқан жоқ). Нәтижесінде, энергия үнемдейтін шамдар тері жасушаларын зақымдайтын және ұзақ уақыт бойы сәулеленуге ұшырағанда, тіпті, қатерлі ісікті тудыруы мүмкін ультракүлгін сәулелерді анағұрлым көп шығаратынын анықтады. Энергия үнемдейтін шамдардың астында болған жасушалар қатты зақымданды, бұл ретте, қарапайым шамның әсерінде болған жасушалар дін аман қала берді. Энергия үнемдейтін шамдарды өндірушілер зерттеу нәтижесі туралы мақалаға жауап беріп те үлгерді. Олардың айтуынша, «шығарылатын ультракүлгін сәулелерінің мөлшері қалыпты норма шегінде».

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін