Қазақстанда қабылданған "Энергия үнемдеу 2020" бағдарламасын орындау үшін шамамен 1,2 трлн теңге керек, деп хабарлады республиканың индустрия және жаңа технологиялар министрі Нұрлан Сауранбаев.
"Бағдарламаның 78 шарадан тұратын жоспары үшін 1 трлн 182 млрд теңге керек", деді ол Астанада сейсенбіде үкіметтің отырысында. Оның негізгі бөлігі, дәлірек айтқанда 1 трлн 177 млрд теңгесі бюджеттен тыс көздерден жұмсалмақ, деді ол.
Н.Сауранбаев атап өткендей, бағдарлама мүдделі мемлекеттік органдармен, аймақ әкімдерімен, "Самұрық-Қазына" қорымен және аккредиттелген ұйымдармен келісілген.
2015 жылдан бастап бағдарламаның негізгі кезеңі жүзеге асырылмақ.
Бағдарламаның басты мақсатты индикаторы 2013-215 жылдарда ІЖӨ-де энергия сыйымдылықты жыл сайын 10 пайызға азайту туралы елбасының тапсырмасы, деді ол.