Эскалаторға қысылып қалған қыздың әжесі оқиғаның мән-жайын айтты - kaz.caravan.kz
  • $ 447.4
  • 477.55
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
19 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Эскалаторға қысылып қалған қыздың әжесі оқиғаның мән-жайын айтты

Эскалаторға қысылып қалған қыздың әжесі оқиғаның мән-жайын айтты

Әжесінің айтуынша, эскалатормен түсіп келе жатқанда, бала қолынан шығып, баспалдаққа отыра қалған

  • 23 Мамыр 2018
  • 61
Фото - Caravan.kz

 Астана полициясы орталық базарда эскалатормен түсіп келе жатып, зардап шеккен екі жасар қыздың оқиғасына қатысты тергеу жұмыстарын бастады деп хабарлады sputniknews.kz. 

Жарақат алған қыз туралы хабар 22 мамырда түстен кейін балалар ауруханасынан келді, деп хабарлайды елордалық ішкі істер департаменті.

Баланың әжесі айтып бергендей, қызы және немересімен эскалатормен түсіп келе жатады. Сол кезде кішкентай қыз қолдан шығып, баспалдаққа отырады. Ал эскалатор сәбидің саусақтарын қысып қалыпты.

Дәрігерлердің мәліметіне сүйенсек, қыздың оң қолының шынашағы сынып, сол қолының шынашағы да қатты жарақат алған.

ҚР ҚК 306-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды (Қауіпсіздік талаптарына сай емес қызмет көрсету).


Оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр.

Оқи отырыңыз:

Тәжікстанның дінбасылары Рогун ГЭС-інің жұмысшыларына ораза ұстамауға рұқсат берді

Елiмiзде 41 градус ыстық болады – Министр өрт қаупi жоғары екенiн айтты

Павлодарда кір жуатын машина өртеніп, үш адам ауруханаға жеткізілді

 

Соңғы жаңалықтар