Эстония Каспийден Балтық теңізіне дейінгі мұнай құбыры құрылысына, энергетикалық саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамытуға қызығушылық танытты
Астана. 20 қазан. "Қазақстан Бүгін" - Қазақстан Республикасының премьер-министрі Кәрім Мәсімов сенбі күні Эстония Республикасының сыртқы істер министрі Урмас Паэтпен кездесті, деп хабарлайды агенттік тілшісі үкіметтің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. |
Кездесуге қатысушылар екі жақты қарым-қатынастардың жағдайы және сауда-экономикалық, мәдени-гуманитарлық салалардағы ынтымақастықты дамытудың келешегі туралы пікір алмасты.
У. Паэт "Каспийден Балтық теңізіне дейінгі мұнай құбыры құрылысына, энергетикалық саладағы өзара тиімді ынтымақтастықты дамыуға" қызығушылық танытты.
Тараптар экономика саласындағы қазақстан-эстония ынтымақтастықтығын одан әрі нығайту қажеттігіне назар аударды.
Ақпаратты пайдаланған жағдайда "Казахстан Сегодня" ақпараттық агенттігіне сілтеме жасау міндетті
Пікір қалдырыңыз
Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін