Эстрада артистерінің одағы енді дарынсыздармен күреспек - kaz.caravan.kz
  • $ 469.83
  • 536.83
+37 °C
Алматы
2026 Жыл
18 Шiлде
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Эстрада артистерінің одағы енді дарынсыздармен күреспек

Эстрада артистерінің одағы енді дарынсыздармен күреспек

Эстрада артистерінің одағы енді дарынсыздармен күреспек! Қолында әртістік бір жапырақ қағазы бар немесе жылдар бойы өзін өнерімен халыққа танытқан адам ғана сахна төрінде тұруға лайық деп санайды ұйым өкілдері.

  • 7 Қыркүйек 2013
  • 476
Фото - Caravan.kz

Айта өтейік, бұл Одақтың өзі жақында ғана құрылыпты. Құрамына әнші, әртістер қауымының бәрі бірдей өте қоймаса да, оның жетекшілері сахнаны дарынсыздардан тазартамыз деп отыр. Шамасы одақ мүшелері жаңбырдан кейін саңырауқұлақтай қаптаған әртіс-сымақтардан мезі болса керек. Дегенмен, жақсы әртісті қандай жолмен таңдайтынын, сахнада кімнің қалып, кімнің кететінін дөп басып айта алмады. Атын атап, түсін түстеуді де қажет көрмеді. Айта өтейік, көршілес Қырғызстан, Өзбекстан, Қытай елдерінде фонограммаға заң жүзінде тыйым салынған. Одақ мүшелері біздің еліміздегі концерттерге де осындай заң жүрсе онда сахнада тек серкелер ғана қалар еді деп отыр. 


Бауыржан Ибрагимов, Эстрада артистері одағының төрағасы:

— Мынау деп атын атаудың керегі жоқ. Оны көзі ашық көрерменнің бәрі біледі. Сахна деген көрінгеннің 1-2 анекдот айтып кететін жері емес. Біз жаман нәрсемен көрерменді тәрбиелейміз. Көрерменді де де сол деңгейге түсіреміз.  Сол енді қадағалап, айқайлап отыратын ұйым болмаса тағы болмайды.