Ғалымдар бірнеше магманың атқылау есебін шығарды. Отты бұрқақтар 100 метрден астам биіктікке көтерілді.
Бірінші арнаның (Ресей) хабарлауынша, жанартау күлдерінің қалдықтары жанартау болған жерден оңтүстік-шығысқа қарай ондаған шақырым жерлерге дейін жетті. Бұл — Этнаның осы жылғы алтыншы рет атқылауы. Соңғы уақыттарда жанартаудың атқылауы өте белсенді күйде.
Мамандардың сөзіне қарағанда, тұрғындар мен ғимараттарға төніп тұрған қауіп-қатер жоқ. Жанартаудың атқылауы жергілікті әуежайдың жұмысына да кедергі келтірмеді.
Еске сала кетейік, Этна — Италияның ең ірі пәрменді жанартауы, ол өзінің жақын жатқан «қарсыласы» Везувий жанартауынан 2,5 есе асып түседі.