"Этникалық орыстардың саны бірінші себеп": Ресейдің елімізге басып кіруіне мүмкіндік беретін 8 фактор аталды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+12 °C
Алматы
2024 Жыл
25 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
"Этникалық орыстардың саны бірінші себеп": Ресейдің елімізге басып кіруіне мүмкіндік беретін 8  фактор аталды

"Этникалық орыстардың саны бірінші себеп": Ресейдің елімізге басып кіруіне мүмкіндік беретін 8 фактор аталды

Ресейдің елімізге басып кіруіне бірнеше себептер бар көрінеді.

  • 16 Маусым 2022
  • 443
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Марат Толыбаев жазды, деп хабарлайды Caravan.kz медиа порталы.   

Украина қазір Ресейге жақын орналасқан көптеген елдердің бостандығы мен тәуелсіздігін қорғауда. Егер Путиннің жоспарлары орындалып, Украинаны басып алса, Қазақстан оның келесі құрбаны болатынына толық сенімдімін, деп жазды Марат Толыбаев.

Неліктен?

Бірінші фактор – Қазақстанда этникалық орыстардың көп болуы.

Тарихи жағдай әсер етті, қазіргі Қазақстан жеріндегі казактардың қоныстануы ІІ Екатерина тұсында, одан кейін репрессияға ұшыраған орыс зиялыларының қазақ даласындағы лагерьлерге жаппай қоныс аударуы мен тың игеруге байланысты болды.

Сайып келгенде, ұлттар арасындағы ара салмақ өзгерді. Кеңес Одағы ыдыраған кезде Қазақстанда халықтың 40%-ы орыстар болды, тек 2022 жылы бұл үлес: 70% қазақтар және 18% орыстар болды. Соған қарамастан, Қазақстанда 3,5 миллионға жуық этникалық орыстың болуы маңызды фактор болып табылады.

Екінші фактор – Ресейдің Қазақстан азаматтарына айтарлықтай идеологиялық ықпал етуі.

Бұған еліміз тұрғындарының көпшілігінің орыс тілін білуі және ресейлік телеарналардың Қазақстанның бүкіл аумағында тегін таратылуы ықпал етті.

Соның салдарынан елдегі этникалық орыс азаматтары ғана емес, тіпті көптеген орыстілді қазақтар да Кремльдің үгіт-насихатының ықпалында қалды.

Үшінші фактор – Ресей мен Қазақстан шекарасында үлкен аумақтардың болуы, олардың ұзақ уақыттар бойы қолдан қолға өтуі. 

Төртінші фактор — Ресей мен Қазақстанның шекарасының ұзақтығы. Бұл Ресейдің біздің аймаққа басып кіру міндетін айтарлықтай жеңілдетеді.

Бесінші фактор – Қазақстандағы ұлттық сананың өсуі және салдарынан ұлтаралық, әсіресе Украинада соғыс басталғаннан кейін болмай қоймайтын қақтығыстар. Көптеген қазақстандықтар Путиннің империялық жоспарларын түсініп, одан қауіп төніп тұрғанын сезініп, агрессор елден алшақтауға тырысып, ашық түрде Еуропа және Америкамен интеграциялануға шақыруда.

Алтыншы фактор
– Қазақстанның Ресеймен салыстырғанда экономикалық және әскери тұрғыда әлсіздігі.

Кең аумаққа қарамастан, Қазақстан халқының орналасу тығыздығы төмен және халық саны аз — Ресейден шамамен 8 есе аз. Сондықтан Қазақстан Ресейге Украинадан да оңай олжа болып көрінеді.

Жетінші фактор – Қазақстан басшылығының Ресей мен Батыс арасында екіұшты саясат ұстануы.

Қазақстан Ресеймен тікелей қақтығыстардан аулақ жүреді, сондықтан Кедендік одақ пен ҰҚШҰ-дан шықпайды, Мәскеудің барлық саммиттері мен іс-шараларына қатысады және ресми түрде достық қарым-қатынасты сақтайды. Сонымен бірге ол Батысқа деген адалдығын көрсетіп, Ресейдің Украинаға қарсы агрессиясын айыптап, оған қарсы санкцияларда Ресейге көмектеспеуге уәде береді.

Және соңғысы, менің ойымша, Путиннің Қазақстанға қарсы агрессия туралы шешіміне әсер еткен соңғы фактор – оның президент Тоқаевқа деген жеке көзқарасы.

Менің ойымша, Путин қазір былай ойлайды: Тоқаевты 2022 жылдың қаңтарында қиын сәтте оны сарай төңкерісінен іс жүзінде құтқарған Ресей. Осыдан кейін Путин Тоқаевтан алғыс пен адалдық күтті. Дегенмен, Тоқаев өзінің ризашылығының белгілі шегі бар екенін және Ресеймен толық жақындасуға бармайтынын, әсіресе оны Украинамен соғысы, халықаралық қарым-қатынастардағы шиеленісі мен экономикалық санкциялар салынған кезде нақты байқатты. Бұл Путин мырзаның көңілін қалдырып, ашуландырып қана қойған жоқ, Кремльдік үгіт-насихатшыларға Қазақстан көшбасшысының рахметі жоқ сатқын бейнесін жасауға тамаша мүмкіндік береді, бұл, әрине, жаудың бейнесін жасауды одан әрі жеңілдетеді.

Сондықтан бәріміз, қазақтар, өзбектер, қырғыздар, грузиндер, әзірбайжандар, поляктар, финдер, бәріміз Украина үшін дұға етіп, тойымсыз басқыншыны жеңуін тілеуіміз керек», деп жазды автор.

Соңғы жаңалықтар