Жарияланды: 14500

"Ей Сманов, ешекбастарыңа дамбал жайлы уағызыңды айтып жайыңа отыр" - Айгүл Орынбек

"Ей Сманов, ешекбастарыңа дамбал жайлы уағызыңды айтып жайыңа отыр" - Айгүл Орынбек

Блогерлердің Алла жазасын берсін деген уағызшы Әбдіғаппар Смановқа блогер, қоғам белсендісі Айгүл Орынбек жауап берді.

Бұл туралы ол Facebook парақшасына жазды.

"Смановтың айтуы бойынша бәріне кінәлі "блогер" деген бәлелер екен!
Еліміздің ішкі идеологиясы, әлеуметтік жағдайы жақсы болса, солар Сирияға кетер ме еді?
Миллиондап жеп жатқан шенеуніктерді неге кінәләмайсың?
Пайызы көп кредит беріп жатқан банк иелеріне неге ақыл айтпайсың?
Сирияға соларды блогерлер жіберіпті ме?
Елімізге белгілі Сәләфиттерді атын атап, түсін түстеп неге соларды қылмыстық жауапқа тартуды сұрамайсың? 
Сириядан 70 адамды аман қайтарғанмен, Қазақстанда соңғы бір айда 700 адам өліп қалды.
Бес баланың өлімі мен Сириядағы адамдарды салыстырып,Елбасыны мақтап бұлай өзіңе ұпай жинамай ақ қой!
Ей Сманов! Оданда ешекбастарыңа дамбал жайлы уағызыңды айтып жайыңа отыр", - деп жазба қалдырды Айгүл Орынбек.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін