Екі адам көз жұмып, төрт адам жарақаттанған: Шымкентте дәмханалардың бірінде атыс болды - kaz.caravan.kz
  • $ 488.37
  • 559.77
+23 °C
Алматы
2026 Жыл
22 Маусым
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі адам көз жұмып, төрт адам жарақаттанған: Шымкентте дәмханалардың бірінде атыс болды

Екі адам көз жұмып, төрт адам жарақаттанған: Шымкентте дәмханалардың бірінде атыс болды

Оқыс оқиға Ұ. Арғынбеков көшесінде орналасқан дәмханалардың бірінде сағат 17:00-де болған. Куәгерлердің сөзіне қарағанда, екі адам арасында атыс туындаған.

  • 30 Қазан 2019
  • 64
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа-порталы otyrar.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды. 

Артынша күдіктілер оқиға орнынан жасырып, дәмханадан 300 метр жерде қаруларын лақтырып кеткен. Тергеушілер дәмхана аумағын қоршауға алған. Сондай-ақ, дәмхана маңында екі көлік тұрған: Toyota Camry 70 пен Lexus RX 350.

Құқық қорғау органдарының өкілдері сол көліктің бірінен үлкен сомада ақша тапқан. Кейінірек атыстан екі адам қаза тауып, төрт адам Шымкент қалалық № 1 ауруханаға жеткізілген. Зардап шеккендер — 1989, 1987, 1996, 1984 жылғылар.