"Екі ментке азайып, жақсы болып қалды": Әлеуметтік желідегі қауіпті құбылыс туралы айтылды - kaz.caravan.kz
  • $ 498.34
  • 519.72
+1 °C
Алматы
2024 Жыл
23 Қараша
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
 "Екі ментке азайып, жақсы болып қалды": Әлеуметтік желідегі қауіпті құбылыс туралы айтылды

"Екі ментке азайып, жақсы болып қалды": Әлеуметтік желідегі қауіпті құбылыс туралы айтылды

Отандық БАҚ өкілдерінің бірі Абай Сейфуллаұлы әлеуметтік желідегі келеңсіз жазбалар туралы байқағанын айтқан. Әсіресе елдің тәртіп сақшыларына деген көңіл-күйін тап басыпты. 

  • 27 Мамыр 2020
  • 10018
Фото - Caravan.kz

Ол бұл туралы  жеке парақшасында жазған, деп хабарлайды Caravan.kz медиа-порталы.

"Алматыдағы блокпосттағы апат туралы Youtube-тағы сюжеттерді қарап шықтым. Коменттердің 90%-ында өмірден өткен полицейлерге аяныш болмаған. "Сауап!", "Екі ментке азайып, жақсы болып қалды", "Құдай жазаларын берді, халық қарғысы" деген мазмұнағы мыңдаған пікірлер. Оқысаң шошисың енді. Біраз адам "блокпостты алып тастамағанның кесірі, карантиннен шаршадық" деген ой айтыпты.

Сосын Instagram-ды қарадым. Ол жақтағы комментарийлерде көпшілігі полицейлер өліміне себеп болған мас жүргізушіні жазғырып, неғұрлым қатаң жаза беруді сұраған, "Иманды болсын" дескен.

Екі желі екі түрлі әлем сияқты. Мұндай оқиғалар кезінде Facebook аса белсенді емес екен. Қызық.

Не де болса, қазақтардың адам өлгенде бір ауыз "арты қайырлы болсын" дей алмауы қорқытады…
Ал ІІМ қызметкерлерінің имиджі, жұмысы туралы шын ойланбаса, мына құбылыс қауіпті деп ойлаймын, оның үстіне соққан жігіт те бұрынғы полицей", деп жазды ол. 

Еске салсақ, апта басында Алматыда мас жүргізуші бақылау-өткізу бекетін бұзып өтпек болды. 


Департаменттің мәліметінше,  Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданында Жаңа Ғасыр көшесімен қиылыста, Кожабекова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан 1992 жылы туған “BMW” маркалы автокөліктің жүргізушісі, А. есімді қала тұрғыны №4 бақылау-өткізу бекетіне соқтығысқан. Алдымен ол бетон қоршауға барып соғылған, кейін соның екпінімен патрульдік көлікті соққан. Көлік ішінде екі полиция қызметкері болған.

Өкінішке қарай, полицейдің бірі, 42 жастағы Жалғас Жанғазиев алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Оның әріптесі, Дастан Абдықанов ауруханада көз жұмды.

Ал полиция қызметкерлерін блок-бекетте қағып кеткен BMW жүргізушісі алты жыл бойы құқық қорғау органдарында жұмыс істегені мәлім болды. Мас жүргізуші 15 жылдан 20 жылға дейін немесе өмір бойына бас бостандығынан айырылуы мүмкін екен. Қазір ол қамауға алынған