Мас жүргізуші бақылау-өткізу бекетін бұзып, бір полицейді мерт қылды - kaz.caravan.kz
  • $ 444.22
  • 476.38
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Мас жүргізуші бақылау-өткізу бекетін бұзып, бір полицейді мерт қылды

Мас жүргізуші бақылау-өткізу бекетін бұзып, бір полицейді мерт қылды

Алматыда мас жүргізуші бақылау-өткізу бекетін бұзып өтпек болды. Бұл туралы Алматы ПД хабарлады.

  • 25 Мамыр 2020
  • 467
Фото - Caravan.kz

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы BAQ.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Департаменттің мәліметінше, сағат 05:06-да Алматы облысы Қарасай ауданы Көксай ықшамауданында Жаңа Ғасыр көшесімен қиылыста, Кожабекова көшесімен солтүстік бағытта келе жатқан 1992 жылы туған “BMW” маркалы автокөліктің жүргізушісі, А. есімді қала тұрғыны №4 бақылау-өткізу бекетіне соқтығысқан. Алдымен ол бетон қоршауға барып соғылған, кейін соның екпінімен патрульдік көлікті соққан. Көлік ішінде екі полиция қызметкері болған. 

Өкінішке қарай, полицейдің бірі, 42 жастағы Жалғас Жанғазиев алған жарақатынан жедел жәрдем келгенге дейін қайтыс болды. Оның әріптесі, Дастан Абдықанов жақын жерде орналасқан ауруханаға өте ауыр жағдайда жеткізілді,
— делінген хабарламада. 

“BMW” жүргізушісі қамауға алынды. Бұл факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. 

Алматы Полиция департаментінің басшылығы мен жеке құрамы қызмет бабында қайтыс болған Жалғас Жанғазиевтің отбасына қайғырып көңіл айтады және орны толмас қайғыға ортақтасады.

Соңғы жаңалықтар