Екі заманның Салтанатының тағдыры бірдей аяқталды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.44
  • 480.51
+15 °C
Алматы
2024 Жыл
17 Мамыр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екі заманның Салтанатының тағдыры бірдей аяқталды

Екі заманның Салтанатының тағдыры бірдей аяқталды

Екі заманның Салтанатының тағдыры бірдей аяқталды. Екі Салтанат та отбасын сақтап қалғысы келген еді…

  • 5 Сәуiр
  • 91
Фото: caravan.kz

Бұл Дулат Исабековтың «Гауһартас» шығармасының басты кейіпкері. Оның да есімі Салтанат. Екі заман — екі тағдыр. Caravan.kz медиа порталы шығарма кейіпкері мен марқұм Салатант Нүкенованың тағдырын байланыстырды.

Бұл шығарма қарапайым Алматы облысындағы ауылда тұратын отбасы туралы. Әкесі, анасы, екі баласы және отбасына жаңа түскен келін. «Гауһартас» шығармасы ағайындылардың екі түрлі тәрбие алуының нәтижесін көрсетеді. Үлкен баласы, Ыбыш, әкесі сияқты өте қатал, өз-өзін нағыз еркек деп санап, үнсіз, тек қана қажет кездерде сөйлейтін адам. Ал Ыбыштың інісі, Қайыркен, анасы сияқты таңғаларлық мейірімді, сезімшіл, әділ және шығармашылық адам.

Шығармада отбасының тұңғышы мен оның келіншегінің өмірі берілген. Келіннің есімі — Салтанат. Осы жас қызға деген отбасының және күйеуі Ыбыштың қарым-қатынасы суреттелген. Салтанаттың өзі  Қайыркен мен оның анасына ұқсас: әділ, мейірімді, ақкөніл, арманшыл, көпшіл, ән айтуды жақсартатын, кез келген адаммен түсініс табатын жан.

Салтанат жаңа отбасының мүшелерімен тез тіл табысып кетеді. Анасы өз қызындай, Қайыркен өз әпкесіндей қарап, әрдайым Салтанатқа көмектесіп жүреді. Ал күйеуі Ыбыш болса әйеліне қаталдық көрсетумен келген. Бір кезде тіпті атын сұраусыз алған үшін Салтанатты қамшымен ұрып жібереді. Салтанат көрген азабына төзіп, отбасын шайқамас үшін шыдамдылық танытқан.

«Мен жар сүюден бақытты емеспін. Қосылмай тұрғанда Ыбышты үш-ақ рет көрдім ғой… Әйтсе де мен енді басқа жақтан бақыт іздемеймін. Іздеп барып дәл үстінен түскен бақыттың маған керегі де жоқ. Мен ол бақытты қиын жерден іздеймін, жоқ жерден іздеймін. Өмір сонысымен қызық, сонысымен мағыналы».

Осылай деген шығарманың басты кейіпкерінің сөздері жаңа заман Салтанатының негізгі ойын арқалап тұрғандай. Кешегі сот отырысында Нүкенованың телефонында жазылған жазбалар оқылған еді.

«Мен Павлодарға біржола кетіп бара жатырмын. Осы күндері мен сезім жоқ екенін түсіндім, мен ештеңені сақтағым келмейді, яғни, мүмкін емес. Сен тіпті кешірім сұрамадың және опасыздығыңа қатысты ештеңе істемедің, бәріне мені кінәлап, психотерапевтке баруымды талап еттің. Әрі қарай шыдар ала емеспін. Сондықтан мені кешір, ұмыт, босат. Мен енді ата-анаммен бірге тұрамын, олар маған қамқор болады».

Гауһартас шығармасында күндер өтіп жүріп Салтанат сырқаттанып қалады. Дәрігерлер көмектесе алмай, жас келіншек жүрек ауырынан қайтыс болады. Осыған орай отбасының барлығының көңілі түсіп және Ыбыш өз бақытынан айырылғанын және әйелін қадірлемегенін кеш түсінеді.

Салтанат Нүкенова да отбасын сақтап қалуға тырысты. Алайда өз күйеуінің қолынан қаза тапты. Ең әдемі күлкіні берген оған, еш күлмейтін тағдыр берген екен.

Дулат Исабековтің сценарийі бойынша 1975 жылы «Гауһартас» ки­но­фильмі жарық көрді. Арада 49 жыл өтсе де, Шәріп Бисенбаев түсірген осы кинофильм әлі экраннан түскен жоқ. Қазақ киноматографиясындағы сәтті шыққан туынды қанша көрсең де жалықтырмайды. Оның басты себептерінің бірі – ұлттық тәрбие мен отбасы құндылықтарын үлгі етуі.

Ал фильмнің әуені тіпті керемет. Бүгінде бұл әуен Салтанат Нүкенованың қайғылы тағдырын баяндайтын сияқты. Белгілі виолончелист Бағжан Октябрь марқұм Салтанат Нүкеноваға осы композицияны арнады.

«Бұл музыка мен тарихты бәрі біле бермейді. 1975 жылы түсірілген «Гауһартас» фильмі. Басты рөлдегі қыздың аты — Салтанат. Фильмде оның өмірі қайғылы аяқталады», — деп жазды музыкант.

Әлеуметтік желі қолданушылары музыканттың өнерін ерекше бағалап, жылы лебіздерін жеткізді.

Соңғы жаңалықтар