Жарияланды: 480

Екібастұзда екі бала өздерінің маскүнем әкесінен бас тартуда

Екібастұзда 8 және 10 жасар екі ұл өздерінің маскүнем әкесінен бас тартуға талпыныс жасауда. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Екібастұз қалалық кәмелеттік жасқа жетпегендер ісі жөніндегі бөлімінен хабарлады.

Ұлдар Екібастұз қалалық кәмелеттік жасқа жетпегендер ісі жөніндегі бөліміне өз әкесінен бас тартатыны туралы өтініш әкелген. Олардың айтуынша, 1998-жылы олардың анасы қайтыс болып, маскүнем әкесімен бірге қалған. Жұмыс істемей ішкілікке салынып кеткен еркектің үйіне су берілмегелі бірнеше жыл өтсе, жуырда берешегі үшін тоқтан да ажыратып тастапты. Балалар сондай-ақ, әкесі өздерін жиі соққыға жығатынын хабарлады. Қазір олар Екібастұз қаласындағы жетімдер үйіне орналастырылды. Балалардың әкесінің құқығын шектеу немесе оны әкелік құқықтан біржола айыру мәселесі жуырда шешілмекші. Мамандардың айтуынша, кейінгі жылдарда балалардың өз ата-анасынан безіну көрінісі жиілеп кетті. Олар маскүнем ата-анамен бірге тұрғаннан гөрі жетімдер үйін паналағанды жөн көреді. Жалпы алғанда Екібастұзда 140 мың адам тұрады.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін