Екібастұзда көршілер өртеніп жатқан үйден екі баланы құтқарып қалды - kaz.caravan.kz
  • $ 443.35
  • 475.54
+8 °C
Алматы
2024 Жыл
26 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда көршілер өртеніп жатқан үйден екі баланы құтқарып қалды

Екібастұзда көршілер өртеніп жатқан үйден екі баланы құтқарып қалды

Екібастұз қаласында көршілер жалын ораған үйден екі баланы құтқарып алды. Бұл туралы ҚР ТЖМ-нан мәлім етті.

  • 13 Желтоқсан 2011
  • 642
Фото - Caravan.kz

Хабарланғандай, 12 желтоқсан күні түсте, Екібастұз қаласының Ащыкөл көшесіндегі екі пәтерлі жер үйден өрт шықты. 100 шаршы метр аумақты шарпыған жалынның салдарынан үйдің шатыры толығымен дерлік жанып кетті. Тілсіз жаудың ошағы бір жарым сағатта жойылып, тек бес жарым сағаттан кейін ғана ауыздықталды.

Өрт сөндірушілер келгенше көршілер үйден 5 және 6 жасар екі баланы құтқарып қалды. Ысты газға уланып, күйік жарақаттарын алған олар ауруханаға жеткізілді.

Жалынмен күреске ҚР ТЖМ Павлодар облысы бойынша ТЖД өртке қарсы қызметінің 13 адамы мен 4 техникасы жұмылдырылды.

Соңғы жаңалықтар