Екібастұзда қылмыс үстінде ұсталып қалған бір пәтер тонаушы өзін электромонтер ретінде таныстырып қашып құтылған - kaz.caravan.kz
  • $ 443.85
  • 474.3
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұзда қылмыс үстінде ұсталып қалған бір пәтер тонаушы өзін электромонтер ретінде таныстырып қашып құтылған

Екібастұзда қылмыс үстінде ұсталып қалған бір пәтер тонаушы өзін электромонтер ретінде таныстырып қашып құтылған

Екібастұзда қылмыс үстінде бір емес, екі мәрте ұсталып қалған бір пәтер тонаушы өзін электромонтер ретінде таныстырып қашып құтылған. Бұл туралы KZ-today тілшісіне Екібастұз қалалық құтқару қызметінен хабарлады.

  • 9 Наурыз 2004
  • 589
Фото - Caravan.kz

Бұл оқиға өткен аптаның соңында Энергетиктер көшесінде орналасқан көп қабатты үйде болды. Мектептен қайтқан екі бала үйдің сатылы алаңында өз пәтерлерінен дүние-мүлік көтеріп шыққан еркекпен бетпе-бет келіп қалады. Ұрлық үстінде ұсталып қалған әлгі еркек пәтерге кіріп, есігін жауып алған. Осыдан кейін пәтерден алған дүниелерді тастай салған ол балкон арқылы үстіңгі қабатқа көтеріледі. Пәтері тоналған үйдің әйелі осы сәтте дәл осы пәтердегі құрбысының жанында отырған. Таң-тамаша болған әйелдердің сауалына әлгі еркек өзін электромонтермын деп таныстырып, үй подьезінде кабель тартып жүргенін айтқан. Сөйтіп, балкон арқылы үйдің шатырына көтерілген ол қашып құтылған.

Тонаушы ішінен бекітіп кеткен өз үйіне кіру үшін әйелге құтқарушыларды шақыруға тура келді. Екібастұз қалалық құтқару қызметінен хабарлағанындай, тонаушы астаң-кестең еткен бейберекетсіздікке қарамастан, пәтерден ештеңе ұрланбаған болып шықты.

Соңғы жаңалықтар