Екібастұздағы экологияны жақсартуға 2004-жылы 243 млн. теңге бөлінеді - kaz.caravan.kz
  • $ 444.32
  • 473.33
+13 °C
Алматы
2024 Жыл
24 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Екібастұздағы экологияны жақсартуға  2004-жылы 243 млн. теңге бөлінеді

Екібастұздағы экологияны жақсартуға 2004-жылы 243 млн. теңге бөлінеді

"Екібастұз аймағындағы экологиялық ахуалды 2003-2005-жылдар аралығында жақсарту" жөніндегі бағдарламаны жүзеге асыруға 2004-жылы 243 млн. теңге бөлінеді. Бұл туралы Екібастұз қаласының әкімі Валерий Набитовский баспасөз мәслихатында хабарлады.

  • 6 Қаңтар 2004
  • 1128
Фото - Caravan.kz

Бұл бағдарламаны қалалық мәслихат өткен жылы бекіткен. 2003-жылы оны жүзеге асыруға 123 млн. теңге бөлінді.

Атап айтсақ, соңғы 7 жылда алғаш рет 2003-жылы қалалық бюджеттен Шідерті өзенінің аңғарына тазалық мақсатымен компенсациялық су жіберу шарасына арнап 15 млн. теңге бөлінді.
Бұдан бұрын да хабарлағанымыздай, Ертіс-Қарағанды каналының құрылысын салған кезде Шідерті өзеніне бөгет қойылған болатын. 1996-жылға дейін каналдан өзенге тазалық мақсатымен компенсациялық су жіберу шарасы жүзеге асырылып келді. Алайда, канал үшін экономикалық тиімсіз болғандықтан 1996-жылдан бастап су жіберу доғарылды. Соның салдарынан аумағында 10 мыңнан астам адам тұратын әрі бірнеше шаруа қожалығы жұмыс істейтін Шідерті-Өлеңті табиғи аймағының экожүйесі жаппай зардап шегуде. Бұл аймақта жердің деградациялануы, топырақтың сортаңдануы, тұщы балықты өзендердің тұздануы, Шідерті және Өлеңті өзендері мен жер астындағы тұщы су көздерінің тартылуы тәрізді құбылыстар белең алды.
Сондай-ақ, «Екібастұз аймағындағы экологиялық ахуалды 2003-2005-жылдар аралығында жақсарту» жөніндегі бағдарламасы аясында 2003-жылы Екібастұз қаласы мен Шідерті және Солнечный ауылдарының су құбыры желісі жаңартылды. Бұл мақсатқа қалалық бюджеттен 35 млн. теңге бөлінді. Сонымен бірге ағызынды суларды қайта айдап тазартуға 45 млн. теңге бөлініп, дератизациялық және дезинсекциялық жұмыстар атқарылды. Екібастұз қаласы мен оған таяу орналасқан ауылдық округтердің рұқсатсыз жиналған қоқыс-қалдықтарын тазарту және жою жұмысына 7,9 млн. теңге, ағаш отырғызылған жасыл аймақтар ауқымын кеңейтуге 17 млн. теңге бөлініп жүзеге асырылды.

Соңғы жаңалықтар