Жарияланды: 70

Екінші Елизавета патшайым Мұхаммед Пайғамбардың тікелей ұрпағы болуы мүмкін

Екінші Елизавета патшайым Мұхаммед Пайғамбардың тікелей ұрпағы болуы мүмкін

Ұлыбритания патшайымы Екінші Елизавета Мұхаммед Пайғамбардың (с.ғ.с.) тікелей ұрпағы болуы мүмкін.

Бұл туралы The Times басылымы марокколық газетке сілтемемен жазды.

Мақала авторының айтуынша, Екінші Елизавета Испанияны билеген мұсылман билеушілерімен туыс болуы мүмкін, ал олардың арасында Пайғамбардың туыстары бар. Журналист сөзіне дәлел ретінде патшайымның 40 атасына дейінгі шежіресін сызып көрсетіпті. Егер бұл болжам расталса онда әлемдік екі дін арасында алтын көпір орнауы дейді ол.

Мақала ислам елдерінде кең талқыға түсіп, мұсылмандардың пікірі екіге айрылды. Бірі мұны барып тұрған сандырақ десе, өзгелері "Е Алла, патшайымды сақтай көр" деп әзілдеп жатты.

The Times басылымының мәліметінше, мұндай теорияны ең алғаш рет 1986 жылы жазушы Гарольд Брукс-Бейкер өз кітабында жазған екен. Тарихшы ғалымдар да ағылшын және испан корольдіктерінің бір-бірімен тығыз байланыста болғанын айтады.

Оқи отырыңыз:

ШҚО-да 2 шақырымдық жер қақ айырылды
Биыл қазақстандықтар айдың 3 сағат тұтылғанын көре алады
Қазақстанда тұңғыш рет ұшақты әйел басқарды

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін

Закрыть