деп хабарлады ҚР ТЖМ.
2012 жылғы 12 қарашада сағат 16:30-дан ауа райының қолайсыздығына орай (жолдың нашар көрінуі) Ақмола облысында Атбасар-Қостанай күре жолынан басқаларында көліктің барлық түрлері үшін қозғалыс жабылды.
2012 жылғы 12 қарашада сағат 15:00-ден 13 қараша сағат 07.00-ге дейін ауа райының қолайсыздығына орай (қар, боран) Шығыс Қазақстан облысында «Ушаново-Зырян» (6-65 шақырым) учаскесі, республикалық бағыттағы Өскемен-Зырян — Рахман қайнарлары» қозғалыс үшін жабылды. 13.11.2012 ж. сағат 07.00-ден автожолдар барлық бағыттар бойынша ашық.
Қарағанды облысында ауа райының қолайсыздығына (көктайғақ) байланысты 12.11.2012 ж. сағат 16.40-тан Қарағанды-Осакаровка, Қарағанды — Жезқазған, Қарағанды — Жастар, Қарағанды-Ақсу-Аюлы, Қарағанды — Қарқаралы бағыты бойынша көліктің барлық түрлеріне қозғалыс жабылды.
Палодар облысында ауа райының қолайсыздығына (жолдың нашар көрінуі) байланысты 12.11.2012 ж. сағат 16.30-дан Павлодар -Қарағанды, сағат 17.30-дан Павлодар-Астана (Шідерті ауылы) жолаушылар және жүк көліктері үшін қозғалысқа шектеу қойылды.
Солтүстік Қазақстан облысында ауа райының қолайсыздығына (боран, жолдың нашар көрінуі) байланысты 12.11.2012 ж. сағат 17.45-тен жолаушылар және жүк көліктері үшін барлық бағыттар бойынша жол жабылды.