“Ел ішіне іріткі салып, тыныштықты бұзуына жол бермеуіміз қажет”: Нұрлан Ноғаев маңғыстаулықтарға үндеу жолдады - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+22 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
“Ел ішіне іріткі салып, тыныштықты бұзуына жол бермеуіміз қажет”: Нұрлан Ноғаев маңғыстаулықтарға үндеу жолдады

“Ел ішіне іріткі салып, тыныштықты бұзуына жол бермеуіміз қажет”: Нұрлан Ноғаев маңғыстаулықтарға үндеу жолдады

Маңғыстау облысының әкімі Нұрлан Ноғаев жергілікті тұрғындарға үндеу жолдады.

  • 12 Сәуiр 2023
  • 59
Фото - Caravan.kz

Өңір басшысы облыс тұрғындарын тыныштық сақтауға, жағдайдың тұрақсыздығына жол бермеуге шақырды.

Бұл туралы Caravan.kz медиа порталы хабарлайды.

“Құрметті маңғыстаулықтар!

Қадірлі жерлестер!

Бұл жағдайдың баршамыздың көңілімізге қаяу түсіріп отырғаны жасырын емес. Осы сәтте біз ашу үстінде асығыс шешім қабылдамай, сабыр сақтағанымыз жөн.

Біз кез-келген түйткілді мәселе мен қиындықтарды ақылмен шешіп, абыроймен алып келеміз.

Қоғамдағы шиеленісті одан әрі ушықтыру, заң мен құқықтық нормаларды бұзу — бұл — жағдайдың тұрақсыздануына әкеледі, мәселені шешпейді.

Ардақты ағайын!

Баршаңызды сабыр сақтап, ел тыныштығын бұзбауға шақырамын!

Біз бұл жағдайдың тек заң шеңберінде әділ шешілгенін қалаймыз. Баршамыздың мақсатымыз бір — ертеңгі күнге деген сенімділік пен елдің амандығы, жұрттың тыныштығы.

Қазір әсіресе арандатушыларға еріп кетпей, олардың ел ішіне іріткі салып, тыныштықты бұзуына жол бермеуіміз қажет.


Бәріміздің мақсатымыз бір. Халқымыз адал еңбек етіп, атқарған жұмысына сай еңбекақысын алып, ертеңіне сеніммен қарап, сыйластықта өмір сүруді қалаймыз, және оны жүзеге асыру үшін жұмыстанудамыз.

Кәсіпорындарда тыныштық пен тұрақтылықтың болғаны бәріміз үшін де тиімді.

Қадірлі ағайын!

Қазір Қасиетті Рамазан айы – мейірім мен рухани тазару айы. Біз Сіздермен осыған дейін бірлескен күш-жігеріміздің арқасында талай сын-сағаттардан өттік оған тарих куә. Бұл түйткілді де ауызбіршілікпен, ынтымақпен еңсереміз деп сенемін.

Халқымыз тыныш, ел іргесі – бүтін болсын!”, — деді облыс әкімі.

Соңғы жаңалықтар