Жарияланды: 390

Елбасы 2004-жылға арналған көші-қон квотасын 10 мың отбасы көлемінде бекіту туралы Жарлыққа қол қойды

Елбасы 2004-жылға арналған көші-қон квотасын 10 мың отбасы көлемінде бекіту туралы Жарлыққа қол қойды. Бұл туралы бүгін, 31-қазанда Астанада өткен Қазақстан кәсіпкерлерінің 11-форумында сөйлеген сөзінде Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев хабарлады.

"Бұл - Қазақстанға тағы да 30-40 мың адам оралады деген сөз",- деп атап өткен Елбасы осы орайда өткен жылғы квота 5 мың отбасын құрағанын айтты. Н.Назарбаевтың пайымдауынша, елімізге көшіп келушілер қатары жылдан-жылға артуы тиіс. Сонымен бірге мемлекет басшысы елімізге оралатын қандас-отандастарымыздың саны артатындықтан азаматтық туралы және көші-қон туралы заңнамаларға айрықша назар аудару қажеттігін атап өтті.

Пікір қалдырыңыз

Пікір қалдыру тіркелген пайдаланушылар ғана мүмкін