Елбасы "Air Astana" авиакомпаниясының қызметін сынға алды - kaz.caravan.kz
  • $ 446.49
  • 475.38
+19 °C
Алматы
2024 Жыл
20 Сәуiр
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
  • A
Елбасы "Air Astana" авиакомпаниясының қызметін сынға алды

Елбасы "Air Astana" авиакомпаниясының қызметін сынға алды

Қазақстан президенті Нұрсұлтан Назарбаев рейстерді жиі кешіктіретіндігі үшін ірі авиатасымалдаушы Air Astana-ның қызметін сынға алды.

  • 4 Маусым 2011
  • 363
Фото - Caravan.kz

» Эйр Астананың» қызметіне қатысты наз көп. 2009 жылы әр 8-ші рейс кешіктірілсе, 2010 жылы әр 10-шы рейс кешіктірілді. Бұл реніш туғызып отыр»,- деді ол жұмада Астанада қаланы дамыту мәселелері жөніндегі жиында.

«Біз бұл мәселе бойынша жұмыс істеп жатырмыз, басты проблема — ұшақ жетіспейді», деді Көлік және коммуникация министрі Берік Қамалиев президенттің ескертуіне жауап берген кезінде.
«Бәріне жауаптарың даяр. Бар ұшақтар неге кешіктіріледі?» — деп ренішін білдірді Елбасы.
«Air Astana» -ұлттық «Самұрық-Қазына» қоры мен ағылшындық BAE Systems PLC бірлескен кәсіпорны, үлестері сәйкесінше, 51% және 49% акция.

Соңғы жаңалықтар